К содержимому

Qulpynai Bakery

Qulpynai - бұл сізге тәтті естеліктер сыйлау үшін күнделікті дәмді десерттер мен жаңа піскен нан өнімдерін ұсынатын жанға жайлы кондитерлік кофейня. Өнімдердің барлығын өзіміз өндіре отырып, сіздерге талғаммен таңдалған тәттілерді дайындау үшін құрамы табиғи ингредиенттерді, итальяндық шоколад пен балғын жеміс-жидектерді қолданамыз. Барлық өнім халал стандарттарына сай әрі ҚМДБ мекемесімен сертификатталған.

Qulpynai-ға қош келдіңіз 🍓

Бүкіл ассортимент сапалы және балғын өнімдерден жасалған

18000 ₸ бастап тапсырыс бергенде қала ішінде жеткізу тегін!

Жол-жөнекей сауда жасау үшін дүкендеріміз барынша ыңғайлы орналасқан

Qulpynai - Алматыдағы кондитерлік өнімдер өндіретін ең жетекші компаниялардың бірі. Компания 2017 жылы құрылған. Осы уақыт аралығында 3 өндірістік цех және 16 дүкен іске қосылды. “Қазақстан халал индустриясы” Қауымдастығы” Qulpynai тобына кіретін бүкіл өнімнің Халал стандарттарына сай келетінін растады. Олардың қатарында торт, бәліш, печенье, десерт және басқа да өнімдер бар. Басқа кондитерлік өнім өндірушілерден біздің басты ерекшелігіміз - компания барлық өнімдерін жасау кезінде табиғи шикізаттарды қолдануға артықшылық береді.

Командамызда ұзақ жылдық тәжірибесі бар кәсіби кондитерлермен бірге, көптеген жас мамандар да жұмыс істейді.

Ready to try?

Open the menu and place your first order — a hot meal is on its way.

We use cookies to improve the website and analyse traffic. By using the site you agree to the collection of cookies and the processing of personal data. Learn more